«Хоккей: Астананың «Барысы» қатарынан екі ойында жеңіліп қалды

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Құрлықтық хоккей лигасында сынға түсіп жатқан Астананың «Барыс» клубы турнир күнтізбесіне сәйкес соңғы екі ойынды өз алаңында өткізіп, жеңіліп қалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдымен «Барыс» қаңтардың 6-сы күні Мәскеудің «Спартак» командасымен кездесті. Матч 3:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ал кеше біздің команда тағы бір мәскеулік команда ЦСКА-мен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында 2:5 есебімен қарсыластарымыз басым түсті. Осылайша құрлықтық хоккей лигасында 41 ойын өткізген «Барыс» 58 ұпаймен 24 команданың ішінде әзірге 13-ші орында келеді. Жерлестеріміз келесі ойынын қаңтардың 16-сы күні сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедо» командасымен өткізеді.
Соңғы жаңалықтар