Хоккей: Астананың «Барысы» Қазанда «Ақ барыспен» ойнайды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астананың «Барыс» клубы құрлықтық хоккей лигасының «плей-офф» зонасындағы жарысын бастайды. Гагарин кубогы үшін болатын турнирдің ширек финалдық матчында жерлестеріміз сырт алаңда Қазанның «Ақ барыс» клубымен кездеседі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Барыс» хоккей клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кезеңде командалар үш рет жеңіске жеткенше мұз айдынына шығады. «Ақ барыс» пен «Барыс» арасындағы алғашқы екі матч наурыздың 2-сі және 3-і күндері Қазанда өтеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Одан кейінгі ойын (немесе ойындар) наурыздың 5-де Астанада болады. Егер осы үш ойынның тым болмағанда біреуінде «Барыс» қарсыласына есе жібермесе тағы бір матч наурыздың 6-да Астанада өтуі мүмкін. Айта кетейік, осы «плей-офф» кезеңінде барлығы 16 команда сынға түсуде.
Соңғы жаңалықтар