Хоккей: «Барыс» «Ақ барыстан» қарымта қайтаруға тырысады

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін елордада Астананың «Барыс» хоккей клубы Қазанның «Ақ барысын» қабылдайды.

Хоккей: «Барыс» «Ақ барыстан» қарымта қайтаруға тырысады
Бұл қос команданың Гагарин кубогы ширек финалындағы үшінші кездесуі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл кезеңде клубтар үш мәрте жеңіске жеткенше ойнайды. Әзірге жалпы есепте 2:0-мен «Ақ барыстың» мерейі үстем болып тұр. Наурыздың 2-сі және 3-і күндері Қазанда өткен екі ойында да олар біздің командадан басым түсті. Сондықтан плей-офф кезеңіндегі жарысты жалғастырғысы келсе, «Барысқа» бүгін міндетті түрде жеңіс қажет. Егер бүгінгі ойында «Барыс» басым түссе, командалар жеңімпазды анықтау үшін тағы да кездесетін болады. Матч «Қазақстан» спорт сарайында өтеді.