Хоккей: «Барыс» буллит сериясында ұтылды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Латвия, Рига) командасына жол беріп қойды.
None
None

Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда екінші кезеңде «Барыс» таразы басын бір емес, екі рет теңестіре білді. Есеп - 2:2. Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Осыдан кейін командалар буллит сериясына көшті. Онда буллиттің төрт бірдей сериясын өткізуге тура келді. Себебі екі команданың қақпашылары шайбаларды шебер қайтара білді. Дегенмен, бұл матчта «Динамоның» жолы болды. Есеп - 2:3.

«Барыс» хоккей клубы кешегі ойында ұтылса да, қосымша уақытқа дейін жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде барлығы 53 ұпай бар. Осылайша ол құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орнын сақтап қалды. Ал «Динамо» бұрынғы алтыншы орында келеді.

Соңғы жаңалықтар