Хоккей: «Барыс» чемпионаттың көшбасшысы «Авангард» командасын ұтты

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Барыс» хоккей клубы «Авангард»командасын қабылдады.

Хоккей: «Барыс» чемпионаттың көшбасшысы «Авангард» командасын ұтты

Қызықты да тартысты өткен ойынның нәтижесі бойынша «Барыс» хоккейшілері өз қарсыластарын 5:4 есебімен жеңді. Бұл ойында Федор Полищук, Талғат Жайлауов, Виктор Александров, Дастин Бойд және Найджел Доус «Авангардтың» қақпасына шайба салып, көзге түсті. «Барыстың» қақпасын Виталий Еремеев қорғады. Ол төрт шайбаны жіберіп қойса да, соңғы минуттарда қарсыластың адуынды шабуылдарын шеберлікпен қайтара білді.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға ие болып, плей-офф жарыстарына шығу үшін жарыс жолын жалғастыруда.