Хоккей: «Барыс» Екатеринбург пен Мәскеуде екі ойын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» бапкерлері алдағы екі матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» Екатеринбург пен Мәскеуде екі ойын өткізеді

«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, елордалық команда Екатеринбург пен Мәскеуде екі ойын өткізеді.

Сырт айдындағы осы бәсекелерге қатысу үшін мына ойыншылар аттанды.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Эдди Паскуале.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Атте Охтамаа, Виктор Сведберг, Максим Семёнов, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Павел Акользин, Дастин Бойд, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Корбэн Найт, Ииро Пакаринен, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.

Андрей Скабелканың шәкірттері 11 ақпан күні сағат 20-00-де Екатеринбургте «Автомобилист» хоккейшілерімен айдынға шығады.

Ал 13 ақпан күні сағат 22.30-да Мәскеуде ЦСКА – «Барыс» матчы басталады.

Мәскеуліктер Батыс конференциясында көш бастап келе жатса, «Барыс» пен «Автомобилист» Шығыста үшінші-төртінші орындарда келеді. Үш клуб та плей-офф бәсекесіне жолдама алған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Польшадан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.