Хоккей: «Барыс» хоккей клубы «Сібірді» жеңді
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті ойынын өткізген «Барыс» хоккей клубы өз айдынында «Сібір» (Новосібір) командасын тізе бүктірді.
Осы жолғы ойында «Барыстың» бірінші «үштігі»: Константин Руденко - Дмитрий Уппер - Николай Антроповтардың шеберлігі барынша байқалды. Олар таразы басын 2:0-ге дейін жеткізе білді. Қарсылас «Сібір» командасы оған тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Ойынның қорытындысы 2:1.
Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынды «Металлургпен» өткізеді.