Хоккей: «Барыс» командасы «Слованға» жол берді
АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Словакия Братислава қаласында кезекті ойынын өткізген астаналық «Барыс» командасы жергілікті «Слован» хоккей клубынан ұтылып қалды.
Кездесудің алғашқы кезеңінде-ақ «Барыс» хоккейшілері екі шайбаны жіберіп қойды. Кейін есепті теңестіру үшін барынша тырысты. Бірақ біздің легионер Николай Антроповтың қарсыластар қақпасына салған бір шайбаға «словандықтар» тағы бір нәтижелі шабуылмен жауап берді. Есеп 3:1. Үшінші кезеңде Дастин Бойд таразы басын 3:2-ге дейін жеткізді. Алайда словак хоккейшілері тағы да алға шықты. Қорытынды есеп - 4:2.
Айта кетейік, соңғы 9 ойынның қорытындысы бойынша «Барыста» 11 ұпай бар.