Хоккей: «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының «плей-офф» зонасына шықты

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астананың «Барыс» клубы құрлықтық хоккей лигасының «плей-офф» зонасына шықты. Тұрақты маусымдағы соңғы ойынын кеше өз алаңында Чеховтың «Витязь» командасымен өткізген жерлестеріміз 6:4 есебімен жеңіске жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Біздің команда құрлықтық хоккей лигасына тұңғыш рет қатысқанына қарамастан, 2008/2009 жылғы маусымдағы 15-ші чемпионатта 24 команданың ішінде 15-ші орынға ие болды. Енді «Барыс» наурызда өтетін Гагарин кубогының жарысына қатысады. Осы «плей-офф» кезеңінде барлығы 16 команда сынға түседі. «Барыс» 1/8-ші финалда құрлықтық хоккей лигасының жиынтық кестесінде 2-ші орын алған Қазанның «Ақ Барыс» командасымен кездеседі. Бұл кезеңде үш рет жеңіске жеткен команда ширек финалға шығады. Алғашқы екі матч наурыздың 2-сі және 3-і күндері Қазанда өтеді. Одан кейінгі ойын наурыздың 5-де Астанада болады. Егер осы үш ойында «Барыс» қарсыласына есе жібермесе тағы бір матч наурыздың 6-да Астанада өтуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар