Хоккей: «Барыс» Магнитогорскіде екі кездесу өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» клубы Магнитогорскіде жергілікті «Металлургпен» кездесуге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, Гагарин кубогы плей-офф бәсекесінің бірінші кезеңінде елордалықтар сырт айдында «Металлургпен» екі ойын өткізеді.
Бапкерлер осы матчтарға қатысатын ойыншылар тізімін жария етті.
Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Эдди Паскуале.
Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Атте Охтамаа, Виктор Сведберг, Никита Клещенко, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Павел Акользин, Дастин Бойд, Линус Виделль, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Корбэн Найт, Ииро Пакаринен, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.
«Барыс» пен «Металлург» кездесуі 5 наурыз күні сағат 20.00-де, 7 наурызда 18.00-де басталады.
Матчтарды Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналары көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» плей-офф кезеңінің екінші кездесуінде жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Төрт жеңіске дейін созылатын серияда есеп әзірге 1:1. Нұр-Сұлтандағы алғашқы ойында айдын иелері жеңіске жетсе, кеше «Металлург» есе қайырған еді.