12:45, 15 Қараша 2013 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «ЦСКА»-мен кездеседі
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Мәскеуде жергілікті «ЦСКА» командасымен кездеседі.

Жалпы, осы уақытқа дейін екі команда он рет кездескен болатын. «ЦСКА» жеті мәрте жеңсе, «Барыс» үш-ақ рет қарсыласынан басым түсті. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клуб «ЦСКА»-ға қарағанда, оқ бойы озық келеді. 26 матчтан кейін «Барыстың» еншісінде 53 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде команда үшінші орынға орналасты. Ал оның бүгінгі қарсыластары - «ЦСКА» хоккей клубы барлығы 26 ойын өткізіп, соның нәтижесі бойынша тек 40 ұпай ғана жинап үлгерген. Қазіргі кезде мәскеулік топ 10-шы орында келеді.
Айта кетейік, бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.