11:02, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Спартакпен» кездеседі
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ертең, астаналық «Барыс» хоккей клубы өз айдынында мәскеулік «Спартак» құрамасымен кездеседі.

Қазіргі кезде Құрлықтық хоккей лигасының Тарасов дивизионында «Спартак» 6-шы орында тұр. Осы уақытқа дейін ол 15 ойын өткізіп, соның алтауында жеңіске жетті. Бүгінде бұл команданың еншісінде 19 ұпай бар.
«Барыс» та 15 ойынның алтауында жеңіс тұғырынан көріне білді. Бірақ бізде 20 ұпай бар. Чернышев дивизионында «Барыстың» хоккейшілері 4-ші орында келеді.