14:20, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Хоккей: «Барыс»- «Нефтехимик» 6:5
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы кеше Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасын қабылдап, негізгі уақытта 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша астаналық хоккейшілер маңызды үш ұпайға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Барыс» тұрақты маусымдағы қалған екі ойынды да өз алаңында өткізеді. Біздің команда ертең Нижний Новгородтың «Торпедо», арғы күні Чеховтың «Витязь» командаларымен мұз айдынына шығады. Егер «Барыс» осы екі ойында негізгі уақытта жеңіске жетіп жатса, оның «плей-офф» зонасында қалуға мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда жерлестеріміз наурызда өтетін Гагарин кубогы үшін жарысқа қатыса алады.