Хоккей: Барыс-Нефтехимик командалары арасындағы матч Астанада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 4 қазан, сейсенбі күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті маусымдық матчы өтеді. Онда елордалық «Барыс» Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Хоккей: Барыс-Нефтехимик командалары арасындағы матч Астанада өтеді

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады. 13 ойыннан кейін «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 15 ұпаймен 6- орында болса, небары 7 ұпай жинаған «Нефтехимик» 11-орында тұр.

Соңғы кездесуінде «Барыс» өз алаңында «Сочиден» қосымша уақытта (5:4) басым түссе, «Нефтехимик» сырт алаңда Челябі қаласының «Тракторын» (2:1) ұтты.


Фото: hcbarys.kz