Хоккей: «Барыс» оқу-дайындық жұмыстарын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізуде

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Құрлықтық хоккей лигасы 10 күндік демалыс жариялады. Осыны пайдаланған астаналық «Барыс» хоккей клубы оқу-дайындық жұмыстарын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізуде.
None
None

Олардың қатарында хоккейден Еуропа Кубогында өнер көрсететін Ұлттық құрама спортшылары мен жарақат алған Джон Мирасти да бар. Хоккейшілер күніне 3 рет арнайы бағдарламамен оқу-жаттығу жүргізеді. Мамандардың айтуынша, Құрлықтық лиганың соңғы кезеңіне астаналық клуб тыңғылықты дайындалуы керек. «Барыс» кезекті кездесуін 19 желтоқсанда сырт алаңда Рига қаласының «Динамосына» қарсы өткізеді, деп хабарлайды 24 KZ.

Соңғы жаңалықтар