ХОККЕЙ: «Барыс» ойыншылары «Металлург» командасын басымдықпен жеңді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Қазақстан Президентi Кубогiнiң алғашқы матчында Астананың жаңа мұз айдынында "Барыс" хоккей клубының ойыншылары новокузнецкiлiк "Металлург" командасын жеңдi.

ХОККЕЙ: «Барыс» ойыншылары «Металлург» командасын басымдықпен жеңді (ФОТО)

Ойын 4:2 есебiмен аяқталды.

Кездесу барысында "Барыс" хоккейшiлерi екi мәрте жеңiлiп жатқан болатын, алайда екi ретте де олар кеткен есенi қайтара алды. Есептi тоғызыншы минутта қарсылас команданың ойыншысы Роман Бердников ашты. Дастин Бойд үзiлiске дейiн есептi теңестiрiп үлгердi.

Екiншi айналымды Кейд Фэйрчайлд "Металлург" клубын алға шығарды. Көп ұзамай Брэндон Боченски есептi қайта теңестiрдi. Үшiншi айналымда "Барыс" хоккейшiлерi сауатты болды. Найджел Доус пен Талғат Жайлауов екi гол салып, ойындағы қорытынды есептi 4:2-ге жеткiздi.

Осылайша, "Барыс" жаңадан ашылған мұз аренасында алғашқы жеңiсiн тойлады. Ертең "Барыс" ресейлiк "Югра" командасымен күш сынасады.