Хоккей: «Барыс» плей-офф ойындарын бастайды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы Ресейдің Челябі қаласында Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы алғашқы плей-офф ойынын өткізеді. Ол жерде біздің хоккейшілер жергілікті «Трактор» командасымен кездеседі.
None
None

Командалар ақпанның 21-22-сі, содан соң ақпанның 25-26-сы күндері ойнайды. Екеуінің біреуі төрт рет қатарынан жеңіске жетуі тиіс. Сонда ұтылған команда плей-офф ойындарынан шығады. Ал ақпанның 21-26-сы күндері жеңімпаз анықталмайтын болса, наурыздың 1-5-сі күндері аралығында қосымша үш матч ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Барыс» командасының қатысуымен өтетін плей-офф ойындарының барлығы Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де көрсетіледі. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

Соңғы жаңалықтар