Хоккей: «Барыс» Ресейде үш ойын өткізеді
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Барыс» клубы Нижний Новгород қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, бұл сапары барысында елордалықтар Нижний Новгород, Подольск және Мәскеу қалаларында үш ойын өткізеді.
Бапкерлер штабы осы кездесулерге қатысатын хоккейшілер тізімін жария етті.
Қақпашылар:Хенрик Карлссон, Эдди Паскуале, Кирилл Стрия.
Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Даррен Диц, Никита Клещенко, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Атте Охтамаа, Максим Семёнов, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Павел Акользин, Дастин Бойд, Линус Виделль, Кёртис Волк, Ярослав Евдокимов, Никита Михайлис, Корбэн Найт, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков.
Ойындар кестесі:
18 желтоқсан, 22.00. «Торпедо» – «Барыс».
20 желтоқсан, 22.30. «Витязь» – «Барыс».
22 желтоқсан, 20.30, «Спартак» – «Барыс».
Бұл матчтар Qazsport және КХЛ-ТВ арналарынан көрсетіледі.
Айта кетейік, Андрей Скабелка жаттықтыратын «Барыс» командасы ҚХЛ-дың жалпы кестесінде алтыншы, Шығыс конференциясында үшінші орында келеді.