Хоккей:«Барыс» «Спартактан» 3:2 есебімен ұтылып қалды
АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізген Астананың«Барыс» клубы сырт алаңда Мәскедің «Спартак» командасынан 3:2 есебімен ұтылып қалды.
Кездесуді жеңіспен аяқтағалы тұрған елордалықтар соңғы 10 минутта қақпаларына 2 шайба жіберіп алды. Кездесу Мәскеу қаласындағы «Сокольники» спорт сарайында өтті.
Сонымен, барлығы 31 ойын өткізіп, 45 ұпай жинаған «Барыс» турнир кестесінде 12-орында келеді. Ал топ басында 29 ойыннан кейін 64 ұпай жинаған Мәскеудің «Динамо» командасы тұр.