Хоккей: «Барыс» тағы да ҚХЛ-дың көш басына шықты

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Адмирал» (Владивосток) командасын жеңді.
None
None
Бұл матчта «Барыстың» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Алғашқы кезеңнің жетінші минутында команда капитаны Дмитрий Уппер қарсыластың қақпашысын қапы қалдырды. Есеп - 1:0. Екінші кезеңде таразы басы теңесті. Бірақ, көп ұзамай, «Барыс» қайтадан алға шықты. Ал үшінші кезеңде Д.Уппер дубль жасап, есеп айырмасын 3:1-ге дейін жеткізді. Ойынның соңында «Адмирал» қақпашыны алып тастап, бір хоккейшіге артық құрамда да ойнап көрді. Дегенмен, шайба сала алмады. Қорытынды есеп - 3:1. Осылайша, «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, жалпы турнирлік кестеде қайтадан бірінші орынға шықты. Команданың еншісінде 43 ұпай бар. Ол «СКА» (Санкт-Петербор), «Динамо» (Мәскеу), «Ақ Барс» (Татарстан) және «Салават Юлаевты» (Башқортстан) артқа тастап отыр.
Соңғы жаңалықтар