Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Ақ Барс»

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы бүгін өз алаңында «Ақ Барс» (Татарстан, Қазан) командасын қабылдайды.
None
None
Осы уақытқа дейін Қазан қаласының хоккейшілері 15 ойын өткізіп, соның он бірінде жеңіске жеткен. Бүгінде команданың еншісінде 30 ұпай бар. «Барыс» та он бір мәрте қарсыласынан бас түскен болатын. Алайда ол бір ұпаймен (жалпы - 31 ұпай) «Ақ Барстан» жоғары тұр. Оған қоса, астаналық клуб екі матчқа кем ойнап келеді. Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 17:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар