Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «ЦСКА»
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында мәскеулік «ЦСКА» командасын қабылдайды.
Айта кеткен жөн, «Барыстың» сырт алаңда өткен ойындары аясында командалар соңғы рет Мәскеуде кездескен болатын. Ол ойында «ЦСКА» хоккей клубы «Барысты» 0:3 есебімен ұтып кетті. Әрине, онда да Александр Радуловтың көмегі тиді. Жалпы, осы уақытқа дейін бұл екі команда 11 мәрте бір-біріне қарсы ойнаған. «ЦСКА» 8 рет жеңіске жетсе, «Барыс» 3-ақ рет өз басымдығын таныта білді. Соған қарамастан, осы жолы Астана қаласының хоккей клубы есе қайтаруға мүдделі. «Біз ылғи тек жеңіске ғана ұмтыламыз. Олардың жерінде 0:3 болып ұтылдық. Енді, өз жерімізде есе қайтаратын боламыз», - дейді «Барыстың» шабуылшысы Роман Старченко «Sports.kz» порталына берген сұхбатында.