Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Салават Юлаев»

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасын қабылдайды.

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Салават Юлаев»

Статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін екі команда 16 рет күш сынасқан болатын. Соның 10 кездесуінде «Салават Юлаевтың» жолы болса, «Барыс» өз қарсыласын 6 мәрте жеңді. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клубтың көрсеткіші жоғары болып тұр. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде «Барыс» 49 ұпаймен 4-ші орында келеді. Ал «Салават Юлаевтың» еншісінде 43 ұпай бар. Команда 6-шы орынға орналасты.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.