Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Слован»
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасымен кездеседі.
Айта кетейік, соңғы екі ойында «Барыс» хоккей клубы өз қарсыластарына жол беріп қойған болатын. Бірінші матчта команда Риганың «Динамосына» 2:3 (Б) есебімен ұтылса, екінші ойында мәскеулік «ЦСКА»-ға 0:3 есебімен оңбай жеңілді. Соған қарамастан, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» үшінші орнын сақтап келеді. Оның еншісінде барлығы 53 ұпай бар. Ал «Слован» - 23-шы орында. Чемпионат басталғалы бері ол 24 мачт өткізіп, барлығы 28 ұпай жинаған.
Айта кетейік, бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 22:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.