Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Спартак»

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Спартакпен» кездеседі.

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Спартак»
Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін «Спартак» командасы он бір ойын өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Бүгінде мәскеулік команда Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 19 ұпаймен 11-ші орында тұр. Ал «Барыста» 24 ұпай бар. Астаналық клуб соңғы он матчта сегіз мәрте жеңіс тұғырынан көрініп, турнирлік кестенің 4-ші орнын алып отыр. Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.