11:45, 14 Қазан 2013 | GMT +5
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Торпедо»
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Торпедо» (Нижний Новгород) командасын қабылдайды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Торпедо» он бес ойын өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Бүгінде команда 23 ұпаймен жалпы турнирлік кестеде 15-ші орында тұр. Ал «Барыстың» еншісінде 31 ұпай бар. Астаналық клуб он төрт мачта он бір мәрте қарсыласынан басым түскен болатын. Соның арқасында турнирлік кестенің бірінші орнына да шыққан. Қазір «Барыстың» хоккейшілері ұпай саны жағынан «СКА» (Санкт-Петербор), «Динамо» (Мәскеу) мен «Ақ Барс» (Қазан) командаларына жол беріп, 28 құраманың ішінде төртінші орында келеді. Бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.