10:29, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Витязь»
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Витязь» (Мәскеу облысы) командасымен кездеседі.
Соңғы төрт жылда «Барыс» пен «Витязь» он рет кездескен болатын. Соның тоғызында «Барыс» жеңіске жетті. Айта кетер тағы бір жәйт, 2009 жылы қаңтардың 4-і күні болған матчта 17 (!) шайба соғылды. Сол кезде «Барыстың» хоккейшілері өз қарсыласын 11:6 есебімен ойсырата ұтты.
Ал қазіргі статистикаға келер болсақ, осы уақытқа дейін «Витязь» 18 ойында 7 рет жеңіске жетіп, 22 ұпаймен Бобров дивизионында бесінші орында келеді. «Барыс» болса, 18 ойының 9-ында жеңіс тұғырынан көріне білді. Бүгінде ол Чернышев дивизионында 29 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Демек, осы ойында да біздің хоккейшілер жеңіске жетуі әбден мүмкін.