Хоккей: «Барыстың» ертеңгі қарсыласы - мәскеулік «Динамо»

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Ертең, астаналық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Мәскеу) командасын қабылдайды.
None
None

Бұған дейін осы екі команда 11 рет кездескен еді. Оның басым бөлігінде «Динамо» командасы жеңіске жетті. «Барыстың» жігіттері болса, тек 2 ойында ғана өз қарсыласын ұтты. Ал Құрлықтық хоккей лигасының бүгінгі турнирлік кестесінде мәскеулік «Динамо» 98 ұпаймен 3-ші орынға орналасып алды. Ал «Барыстың» еншісінде 79 ұпай бар.

Дегенмен, «Барыстың» лига аясындағы соңғы ойындары жаман емес. Бұған дейін ол «Салават Юлаев» (Башқортостан), «Ақ Барс» (Татарстан) және «Авангард» (Ресей) командаларын тізе бүктірген болатын. Алайда Сочи Олимпиадасына іріктеу турнирі кезінде Қазақстанның негізгі құрамасына енген «Барыс» хоккейшілері Латвияға ұтылып, бір ұпайдың кесірінен жолдамадан айырылып қалған. Соның бәрі «Барысқа» кері әсерін тигізбесе, «Динамомен» өтетін ертеңгі ойын да қызықты әрі тартысты өтуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар