Хоккей: «Барыстың» құрлықтық хоккей лигасының «плей-офф» зонасында қалуға мүмкіндігі бар

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы кеше Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын қабылдап,
None
None
негізгі уақытта 5:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы жеңістен кейін «Барыс» плей-офф зонасында қалуға және наурызда өтетін Гагарин кубогы үшін жарысқа қатысуға мүмкіндігін сақтап қалды. Аталмыш жарысқа қатысушылардың нақты құрамы бүгін болатын бірқатар матчтардың нәтижесінен кейін анықталады. «Барыс» бүгін тұрақты маусымдағы соңғы кездесуін өз алаңында лиганың аутсайдері Чеховтың «Витязь» командасымен өткізеді. Бұдан бөлек осы күні «Северсталь» (Череповец) -«Металлург» (Магнитогорск), «ЦСКА» (Мәскеу) - ХК «МВД» (Балашиха) клубтары мұз айдынына шығады.
Соңғы жаңалықтар