Хоккей: Биылғы чемпионаттағы 100-інші шайбаны Т. Жайлауов соқты

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Чехияның Прага қаласында өткен матчта Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы жергілікті «Лев» командасынан басым түсті.

Хоккей: Биылғы чемпионаттағы 100-інші шайбаны Т. Жайлауов соқты

Ойынның алғашқы шайбасын «Барыстың» шабуылшысы Талғат Жайлауов соқты. Осының арқасында ол биылғы чемпионатта команданың жалпы шайбаларын 100-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестірді. Дегенмен «Барыс» тағы да алға шықты. Матчтың аяқталуына бір минутай уақыт қалғанда, Иржи Секач есеп айырмасын қысқарта білді - 2:2. Бес минуттық овертаймда командалар біраз арпалысты. Алайда бұл теке-тіресте «Барыстың» жолы болды. Т.Жайлауов дубль жасап, екінші шайбаның авторы атанды. Қорытынды есеп - 3:2 (ОТ).