Хоккей: Брэндон Боченски ҚХЛ тарихындағы үздік мергендердің ондығына енді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Барыс» клубының шабуылшысы Брэндон Боченски ҚХЛ тарихындағы үздік мергендердің ондығына кіріп отыр. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты хабарлады.

Хоккей: Брэндон Боченски ҚХЛ тарихындағы үздік мергендердің ондығына енді

198 ойында 96 гол салған Боченски снайперлік рейтингте 46,55 ұпаймен алтыншы орында тұр. Жалпы тізім мынадай: Сергей Мозякин 97,37 (188 - 363), Данис Зарипов 68,94 (154 - 344), Алексей Морозов 64,05 (151 - 356), Александр Радулов 50,95 (132 - 342), Марцел Хосса 47,11 (126 - 337), Брэндон Боченски 46,55 (96 - 198), Михаил Варнаков 43,51 (118 - 320), Александр Пережогин 41,9 (124 - 367), Патрик Торесен 40,33 (110 - 300), Павел Брендл 38,9 (73 - 137). Бүгінгі күні Боченски - «Барыс» командасында ең көп ұпай жинаған шабуылшы. Оның еншісінде гол+пас (23 шайба мен 27 пас) көрсеткіші бойынша 50 ұпай бар.