ХОККЕЙ: «Еурочеллендж» матчында Қазақстан Франциядан басым түсті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Катовице қаласында «Еврочеллендж» сериясы бойынша хоккейден халықаралық турнирдің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездесу өткізді, деп хабарлады sports.kz.

ХОККЕЙ: «Еурочеллендж» матчында Қазақстан Франциядан басым түсті (ФОТО)

Қазақстандықтар бұл ойында төрт шайбаны қарсыластың қақпасына ендіре білді. Бірінші кезеңде Михаил Паньшин көзге түссе, екінші жиырма минут ішінде Никита Михайлис, ойынның үшінші бөлімінде Иван Степаненко мен Михаил Рахманов айласын асыра білді.

18 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездеседі.