Хоккей: Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Прайм Еуро хоккей челлендж» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды.

Хоккей: Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды

Бұл турнир 16-18 желтоқсан аралығында Украинада өтті. Осы додада Польша, Румыния, Украина, Қазақстан құрамалары бақтарын сынап, сайысқа түсті. Ақтық сайыста Қазақстан мен Украина командалары шығып, еліміз құрамасы алаң иелерін 7:4 есебімен ойсырата жеңді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының құрамында «Барыстың» 16 ойыншысы болды. Бұл сайыста жақсы ойын өрнегін көрсеткендігі үшін қақпашы Виталий Еремеев үздік голкипер болып танылды.