ХОККЕЙ: Қазақстан ӘЧ бірінші дивизионы «В» тобының жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының төртінші матчында бірінші дивизионның «В» тобында Венгрияны 3:1 есебімен ұтты, деп жазады Sports.kz.
Алғашқы шайбаны б ірінші кезеңде қазақстандық Никита Михайлис соқты. Ал екінші жиырма минуттықта Даниэль Сабо есепті теңестірді. Ойынның соңғы бөлігінде Иван Кинстлер мен Аркадий Шестаков қазақстандықтарды алға шығарды.
Осылайша, жерлестеріміз турнирде төртінші жеңіске қол жеткізді және 12 ұпаймен «А» тобының жолдамасын иеленіп, бірінші орынды еншіледі.
20 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де қазақстандықтар поляктармен кездеседі.