ХОККЕЙ: Қазақстан әлем чемпионатының тобында жетінші орынға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның хоккейден құрамасы 2016 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші ойында Норвегиядан - 2:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазірші уақытта Андрей Назаровтың командасы А тобында жетінші орында, оның қоржынында екі ұпай бар. Жетінші орынға тұрақтаған Латвия командасы да осыншама ұпай жинаған.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен Латвия құрамаларының кездесуі сенбі күні сағат 23:15-те өтеді.