Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда сынға түседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өтетін әлемдік сынға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, қазіргі таңда шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Отандастарымыз аталған додада Б тобының бірінші дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Корея және Польшаға қарсы ойнайды.
Жарыс 6-12 сәуір аралығында өтеді.
Жарыс кестесі:
6 сәуір: Польша - Қазақстан
7 сәуір: Қазақстан - Нидерланд
9 сәуір: Латвия - Қазақстан
10 сәуір: Қазақстан - Корея
12 сәуір: Қазақстан - Қытай
Команданың бас бапкері - Александр Мальцев.