Хоккей: Қазақстан ЕуроЧелендж кубогында Францияны жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қазақстанның ұлттық хоккей құрамасы Euro Ice Hockey Challenge турнирінде Франция спортшыларын сан соқтырып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Францияның Бриансон қаласында өтіп жатқан додада Ари-Пекка Селин шәкірттері жергілікті команданы 4:2 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандықтардың сапынан Евгений Гасников, Роман Старченко, Алексей Литвиненко, Роман Савченко гол авторлары атанды. Келесі матчты жерлестеріміз бүгін Астана уақытымен кешкі 21:00-де Данияға қарсы ойнамақ.