Хоккей: Қазақстан кубогын «Ертіс» пен «Арлан» сарапқа салмақ

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден ел чемпионатының финалына павлодарлық «Ертіс» және көкшетаулық «Арлан» шықты.

Хоккей: Қазақстан кубогын «Ертіс» пен «Арлан» сарапқа салмақ

Қазақстан кубогы үшін топтық матчтарда «Ертіс» теміртаулық «Арыстаннан» басым түссе, Көкшетау қаласының хоккейшілері атыраулық «Бейбарыс» командасын ұтып кетті. Енді, «Ертіс» пен «Арлан» финалда кездесіп, Қазақстан кубогын сарапқа салмақ. Ал «Алматы» және «Арыстан» хоккей клубтары үшінші орын үшін таласып көреді.