Хоккей: Қазақстан құрамасының 3 ойыншысы арнайы сыйлыққа ие болды

спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Хоккейден қыздар арасында IIA дивизионы бойынша өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының үш ойыншысы арнайы сыйлыққа ие болды.

Атап айтсақ, үздік қақпашы - Арина Щеколова, ал үздік шабуылшы ретінде - Александра Шегай таңдалды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы атағын Анастасия Оразбаева иеленді.

Айта кетейік, 7 сәуірден бастап Андорра мемлекетінде екінші дивизионның А тобында ойындар өткізілді. Қазақстандық хоккейшілер Бельгия, Мексика, Тайвань және Исландиямен жалғыз жолдаманы сарапқа салды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші дивизионға шықты. 

Соңғы жаңалықтар