ХОККЕЙ: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы матчында венгриялықтарды жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионының матчында Венгрия құрамасын 5:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

ХОККЕЙ: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы матчында венгриялықтарды жеңді

Константин Руденко кездесудің бірінші кезеңінде жалғыз шайба ғана соқса, екінші кезең ойынның нәтижесін шешті. Таблода мына есімдер пайда болды: Алексей Воронцов, Вадим Краснослободцев пен Кевин Даллмэн. Қорытындыны Константин Пушкарев шығарды.

22 сәуірде Астана бойынша сағат 17:00-де қазақстандық құрама Жапониямен кездесетін болады. Сонымен, Қазақстан - Венгрия 5:0 (1:0, 3:0, 1:0) Шайбалар: 1:0 - 01:43 Руденко (Старченко, Даллмэн). Артық құрамда +2 2:0 - 25:50 Воронцов (Паньшин, Литвиненко). Тең құрамда 3:0 - 32:12 Даллмэн (Краснослободцев, Жайлауов). Артық құрамда+1 4:0 - 35:36 Краснослободцев (Рымарев, Жайлауов). Артық құрамда+1 5:0 - 48:06 Пушкарев (Жайлауов). Тең құрамда Қақпашылар: Полуэктов - Балиш

Айыппұл: 4:16 (2:6, 2:8, 0:2).