Хоккей: Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Италияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі

19 сәуірге жоспарланған матч Энье қаласында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 19:30-да басталады.

Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионаты бірінші дивизионының «А» тобындағы матчтар 22-28 сәуір аралығында Киевте өтеді. Элиталы дивизионға берілетін екі жолдамаға Қазақстан, Украина, Австрия, Польша, Венгрия және Оңтүстік Корея құрамалары таласады.