Хоккей: Қазақстан құрамасы Жапонияны 3:1 есебімен жеңді

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Литва астанасы Вильнюсте өтіп жатқан шайбалы хоккейден бірінші дивизион командалары арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Хоккей: Қазақстан құрамасы Жапонияны 3:1 есебімен жеңді
Хоккейшілеріміз Жапония құрамасын 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, біздің команда бірінші ойынында Литваны 5:1, одан кейін Хорватияны 6:1 есебімен жеңген болатын. Енді Қазақстан құрамасы Австралия және Словения хоккейшілерімен кездеседі. Жасыл құрылықтың өкілдері чемпионаттың аутсайдері болып саналса, Словения әлі бірде-бір ойында жеңілген жоқ. Бұл чемпионатта элиталы топқа берілетін жалғыз жолдама таласқа түсуде. Жоғары дивизионда ойнауға құқық беретін бұл жолдаманың тағдыры ертең Қазақстан мен Словения арасында өтетін кездесуде шешілетін тәрізді.