ХОККЕЙ: Қазақстан Универсиадада Жапонияны сүріндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан Универсиаданың шайбалы хоккей турниріндегі алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Жапония командасынан басым түсті, деп хабарлайды Shaiba.kz.
Қазақстандықтар алғашқы ойынында жапондықтар қақпасына үш шайба салса, қарсыластар тек екі шайбамен ғана жауап қайтара алды.
Қазақстан - Жа пония 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)
0:1 - Фурухаши - 23:30 1:1 - Сафин (Федосенко) - 26:04 2:1 - Нестеров (Попович) - 37:38 2:2 - Сато - 54:25 3:2 - Ковзалов - 58:38 Қақпашылар: Смольников - Онода