ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның хоккей құрамасы екінші жолдастық кездесуде Италиядан басым түсті, деп хабарлады Vesti.kz.

ХОККЕЙ: Қазақстандықтар Италиядан есе қайтарды

Италиядағы кездесу 4:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Шайба авторлары - Роман Старченко, Максим Семенов, Константин Романов және Николай Антропов.

Еске сала кетейік, бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Италия құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ол жолы жалғыз шайбаны Дмитрий Уппер салды.

Хоккейден Элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты Минскіде 9 мамырда басталады.