Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» екінші орынға сырғыды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Торос» (Башқұртстан, Нижнекамск) командасына жол беріп қойды.

Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» екінші орынға сырғыды
Бұл матчта қонақтардың ойыны жүрді. Бірінші кезеңнің екінші минутында олар есепті ашып, артынан шебер қорғана білді. Ал екінші кезеңде таразы басын 0:3-ке дейін жеткізді. «Қазцинк-Торпедо» қанша тырысқанымен, есепті теңестіре алмады. Үшінші кезеңде «Торостың» қақпасына бір-ақ шайба соғылды. Осымен ойын да аяқталды. Қорытынды есеп - 1:3. Осылайша, екі команданың жалпы ұпай саны теңесті. Әрбіреуінде - 33 ұпай. Алайда қарсыластың қақпасына соққан шайбалардың саны жағынан «Торос» алда тұр. Сондықтан ол жалпы турнирлік кестенің бірінші орнына көтерілді. Ал көптен бері оқ бойы озық тұрған «Қазцинк-Торпедо» екінші орынға сырғыды.