12:24, 06 Қазан 2013 | GMT +5
Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы Саратов командасын ұтты
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Кристалл С» (Саратов) командасынан басым түсті.

Бұл ойында қарсыластар екі кезең бойынша шайба соға алмады. «Қазцинк-Торпедо» болса, өз алаңында еркін қимылдап, «Кристалл С» қақпашысын екі мәрте қапы қалдырды. Бірінші кезеңнің төртінші минутында Евгений Рымарев бірінші шайбасын, ал екінші кезеңнің бесінші минутында екінші шайбасын соғып, дубльдың, яғни екі бірдей шайбаның авторы атанды. Есеп - 2:0. Үшінші кезеңде Андрей Огородников есеп айырмасын ұлғайтты. 3:0. Осыдан кейін «Қазцинк-Торпедо» қорғанысқа көшті. Ал қарсылас команда барын салып, екі шайбаны қайтара білді. Бірақ одан аса алмады. Қорытынды есеп - 3:2. Осылайша, Өскемен қаласының хоккей клубы тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 24 ұпаймен лиганың жалпы турнирлік кестесінде бірінші орынды сақтап қалды. Ал «Кристалл С» командасы 17-ші орынға сырғып түсті.