Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» Липецк қаласының құрамасын жеңді

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңда «Липецк» командасын жеңді.
None
None

Бұл ойында қарсыластар есепті бірінші болып ашты. Дегенмен көп ұзамай, «Қазцинк-Торпедо» таразы басын теңестіріп, екінші кезеңде алға шықты. Есеп - 2:1. Ал үшінші кезеңде «Липецк» командасы есепті теңестіру үшін барын салды. Оныншы минутында көздегендеріне жетті. Бірақ «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері шабуылдарын үдетіп, екі бірдей шайбаны соғып кетті. Қорытынды есеп - 4:2.

Айта кетейік, соңғы он ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедоның» еншісінде 27 ұпай бар. Бүгінде ол лиганың жалпы турнирлік кестесінде көш бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар