Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» ұтылды

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы сырт алаңда «Рубин» (Тюмень) командасына жол беріп қойды.

Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» мен «Сарыарқа» ұтылды
Бұл ойында қарсыластар есепті бірінші болып ашып, бес минуттың ішінде екі шайбамен алға шықты. Бірінші кезеңде «Қазцинк-Торпедо» есеп айырмасын 1:2-ге қысқартты. Ал екінші кезеңде таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңнің басында «Рубин» тағы да бір шайбаны соғып, шабуылдарын үдетті. «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері оның бәрін шеберлікпен тойтара білді. Алайда қарсыластың қақпашысынан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп - 2:3. Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы да ұтылды. Команда өз алаңында «Ариададан» (Волжск) 0:3 есебімен жеңілді.