Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» Ресейдің Н.Парышев кубогын ұтып алды
АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Ресейдің Қорған қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Николай Парышев атындағы мемориалдың кезекті турнирі аясында Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» командасы үшінші рет жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Бүгінгі ойында «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері ресейлік «Ариада» (Волжск) командасынан 4:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін олар жергілікті «Зауралье» командасын (2:0) және «Ижстальді» (4:1) айқын басымдықпен ұтқан болатын. Осылайша, турнирдің аяқталмағанына қарамастан, Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» командасы Николай Парышев атындағы мемориалдың жеңімпазы атанды.