Хоккей: көкшетаулық «Арлан» өз алаңында ұтылып қалды
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетауда жергілікті «Арлан» хоккей клубы теміртаулық «Теміртау» командасымен ҚР чемпионатының жартылай финалдық ойынын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Плей-офф ойындарының жетінші кездесуінде қос команда да негізгі уақыттарда тең түсті.Тек овертаймда алаң иелері қонақтарға 2:3 ұпай санымен есе жіберді.
Енді финалдық ойында теміртаулықтар Астананың «Номад» командасымен кездесетін болады.